Екі аптадан кейін шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады. 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп отыр.
Шетелдік көліктерді заңдастыру 2 аптадан соң аяқталады
1,347
оқылды

Сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.

"Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталуына екі апта қалды. Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты биылғы 1 шілдеге дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмай, тиісінше заңдастырылмаған темір тұлпарлар ел аумағында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойылады.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданады», – деп түйіндеді Әкімшілік полиция комитетінінің төрағасы.