Тексеру барысында жүргізуші өз көлігінде жалпы көлемі шамамен 2 тонна 600 литр дизель отынын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды.
Абай облысында дизель отынын заңсыз тасымалдау фактісі анықталды
1,307
оқылды

Абай облысының полицейлері дизель отынын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 829-шақырымында Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан ГАЗ-27390 көлігін тоқтатты.

«Тексеру барысында жүргізуші өз көлігінде жалпы көлемі шамамен 2 тонна 600 литр дизель отынын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды. 44 жастағы заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 3-бөлігі (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген ақпаратта.