Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі
19 маусымда бірнеше өңірде ескерту жарияланды
10,625
оқылды

Еліміздің синоптиктері ертең дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

19 маусымда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде батысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кокшетау қ.: 19 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 маусымда таңертең және күндіз, тәулік бойы 20 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 19-20 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 19 маусымда, тәулік бойы 20 маусымда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 19 маусымда облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі. 19-20 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 19-20 маусымда күндіз найзағай, 20 маусымда күндіз бұршақ күтіледі. 19-20 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 19 маусымда, тәулік бойы 20 маусымда кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 19 маусымда 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 19-20 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 19 маусымда түнде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

19 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 19 маусымда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 19 маусымда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 маусымда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 19 маусымда күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 19 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, кей уақыттарды екпіні 25 м/с. Талдықорған қ.: күндіз 19 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

19 маусымда түнде Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 19 маусымда түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында, шығысында 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 19 маусымда күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Костанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 19 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

19 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 19 маусымда жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

19 маусымда түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 19 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 19 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 19 маусымда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Астана қ.: 19 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.