Отырыста бірнеше «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланады.
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
873
оқылды

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.

 

Бірлескен отырысқа ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова, Үкімет мүшелері қатысып жатыр.

Бүгін Конституциялық Соттың «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралады.

Сонымен қатар, отырыста «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы талқыланады.