Тексеру барысында бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды.
Алматыда интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды
1,559
оқылды
Алматыда полицейлер тұрғын үй кешенінде интим қызмет көрсеткен массаж салонын анықтады.

Ол Таугүл-3 ықшамауданындағы тұрғын үйлердің бірінде сауықтыру кешенінің атын жамылған боди-массаж жасайтын салон ретінде жұмыс істеген.

Полиция ғимараттың барлық бөлмелері клиенттерді қабылдау үшін арнайы жабдықталғанын атап өтеді.

Тексеру барысында "жұмыс орнында" бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды.

"Олар жеке басын анықтау және біздің жазбалар бойынша тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы К. есімді азаматша жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимараттың иесін міндетті түрде анықтаймыз. Бұл да заңға қайшы әрекет", – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.