Оңтүстік Корея елінің полициясы жаңа туған екі сәбиін өлтірді деп айып тағылып отырған әйелді қамауға алуға рұқсат сұрады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі баласын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта сақтаған әйел ұсталды
958
оқылды

Күдікті шақалақтардың денесін бірнеше жыл бойы үйіндегі мұздатқышта сақтаған. 30 жастағы әйел сәбилерін өлтіргенін мойындап, мұндай қадамға 12, 10 және 8 жастағы басқа үш баласын асырау үшін барғанын мәлімдеді. Екі шақалақ та тек бір күн өмір сүрген.

Күдікті әйел 2018 жылдың қарашасында ауруханада босанған төртінші баласын тұншықтырып өлтіріп, оның мәйітін үйіндегі мұздатқышқа салып қойған. Сонымен қатар 2019 жылдың қарашасында дүниеге келген бесінші баласының да өмірін дәл осылай қиған.

Полиция дерегінше, әйелдің күйеуі оның өз балаларын өлтіргені туралы білмегенін айтқан. Өйткені күдікті жұбайына түсік жасатқанын айтқан.

21 маусымда полиция әйелдің үйіне тексеру жүргізді. Бұл уақытта күдікті өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Бүгін әйел өзін қамауға алуға рұқсат беру жөніндегі тыңдауға қатысуы тиіс.