Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Зеренді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары екінші тәулік іздестіріліп жатыр.
Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары жоғалып кетті
917
оқылды

Тұрар Дүйсенбиннің әйелі күйеуі жоғалып кеткені туралы өтініш-арызбен 23 маусымда полицияға жүгінген. Сол кезден бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер мен волонтерлер Ақмола облысында жоғалған полицейді жаппай іздеп жатыр, – деп жазады sinegor.kz.

"Жұбайының айтуынша, Т.Дүйсембин 20 маусымда үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз. Сондай-ақ қазіргі уақытта Т.Дүйсембин бұйрыққа сәйкес, кезекті еңбек демалысында екенін хабарлаймыз", – деп жазды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Полиция кез келген ақпаратқа ие адамдарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.