Ер адам 3 баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Маңғыстауда өзінің 3 баласын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
1,135
оқылды

Маңғыстауда өзінің 3 кішкентай баласын аса қатыгездікпен өлтірген ер адам өмір бойына сотталды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

«Сот үкімімен Е. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәмелет жасына толмаған балаларға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, өмір бойына сотталды», – деп хабарлады облыстық сот.

Ол 3 баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Соттың мәліметінше, ер адам балта және пышақпен қаруланып, үйге келген соң аса қатыгездікпен өзінің 3 баласын өлтіріп тастаған.

Ер адам өкініп, кінәсін мойындады.

Фото: alashainasy.kz