Астанада «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтіп жатыр.
Ерлан Саиров: Депутаттар жоғары лауазымға руласын, ауылдасын тықпалауына жол бермеуіміз керек
1,067
оқылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында қоғамдағы өзекті мәселе туралы пікірін айтты. 

«Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда ұлт болып сақталып, халық болып қарыштаудың бір-ақ жолы бар. Ол  ұлттық бірлік, мемлекеттік  ынтымақ, өзара ықпалдастық. Қазақ «Не ексең, соны орасың» дейді. Біз саяси аренада протекционизмге, өзіңнің жақын-жақпайыңды, ауылдасыңды, руласыңды лауазымға тықпалауға жол бермеуіміз керек. Протекционизм бүгінгі күрделі заманда азаматтардың  мемлекетке деген сенімді коррозияға ұшырататын ең басты залал. Сондықтан, «AMANAT» партиясының депутаттары өздерінің игі істерімен, ұлағатты ойларымен, нақты қадамдарымен халыққа үлгі болып, жаңа тұрпаттағы саяси мәдениетті қалыптастырудың эталонына айналуы керек. Барлығымыз мемлекетшіл, әділетшіл болсақ, ұлтымыздың рухани әлемі де арайланып, халқымыздың мерейі үстем болары анық», – деді Ерлан Саиров.