Миллион теңгелік шығын: пәтер ұрылары ұсталды
Миллион теңгелік шығын: пәтер ұрылары ұсталды
262
оқылды
Полиция қызметкерлері құны 1,2 миллион теңге болатын мүлікті тонаған күдіктілерді құрықтады, - деп хабарлайды  Polisia.kz. Полиция бөліміне Тараз қаласының 67 жастағы тұрғынынан Жамбыл ауданы Бектөбе ауылындағы  Жаңа Жамбыл саяжай алабындағы ірі ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Пластикалық терезені бұзып, белгісіз тұлғалар оның үйіне кіріп, мүлік пен құрылыс заттарын ұрлап кеткен. Зардап шегушінің жалпы шығыны 1 206 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 25-33 жастағы төрт ер адамды ұстады. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция азаматтарға өз мүлкін жүйелі түрде қорғау қажеттігі туралы ескертеді, үйлерді қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ қырағылық пен сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.