NASA маусымның 25-і күні Жердегі Марс миссиясына 4 еріктіні жіберді. Бұл топ Марстың табиғи ортасына ұқсатып жасалған имитациялық кеңістікте бір жылдан астам өмір сүреді.
Марс симуляторында 378 күн өткізетін еріктілер тобының құрамы белгілі болды
1,636
оқылды

NASA ғарыш кеңістігіндегі Марс планетасына алғашқы миссиясы үшін деректерді жинай бастады.

Төрт еріктіден тұратын экипаж Марс планетасының Жер үстіндегі моделін жетілдіру үшін Хьюстондағы (Техас штаты) Джонсон ғарыш орталығында сыртқа шықпай 378 күн өткізеді. Бұл туралы Foxnews.com сайтында жарияланған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz хабарлайды.

Фото Foxnews.com сайтынан алынды.

NASA-ның мәлімдеуінше, бұл миссия экипаждың денсаулығы мен өнімділігін зерттеу аналогы немесе Crew Health and Performance Exploration Analog (CHAPEA) деп аталатын үш жылдық Марс симуляторын дайындау үдерісінің біріншісі.

Фото The Economic Times сайтынан алынды.

Фото The Economic Times сайтынан алынды.

Төрт адамнан тұратын экипаж құрамы: командир Келли Хастон, дің жасушаларына негізделген жобаларда тәжірибесі бар зерттеуші ғалым; бортинженер Росс Броквелл, құрылыс инженері және қоғамдық жұмыстар әкімшісі; медициналық қызметкер Натан Джонс; және ғылым қызметкері Анка Селариу.

Фото NASA сайтынан алынды.

Ғылыммен айналысып жүрген, техникалық білімі бар экипаж мүшелері Марстың симуляция жағдайында тамақтанып, жаттығу жасап, зерттеулер жүргізеді.

Фото Reuters сайтынан алынды.

Ауданы 1700 шаршы фут, 3D принтерге басып шығарылған қондырғы шамамен үш-төрт бөлмелі үйдің көлеміндей болады. Бұл орта экипаж үшін тамырдан қан алуды, жеке гигиенаны, денсаулықты сақтауды үйрететін, сонымен қатар жаттығулар жасауға, тамақ өсіруге және геологиялық үлгілерді жинауға мүмкіндік беретін орын болады.

Фото Reuters сайтынан алынды.

Имитациялық ортада Марсқа аттанатын миссия үшін қажет барлық керек-жарақтар бар. Бірақ, қызыл планетаның тартылыс күшінің имитациясын жасау мүмкін болмады. Виртуалды шындық технологиясын қолданып, экипаж мүшелері ғарышта немесе Марс планетасында серуендеп, сондай-ақ Марста кездесуі ықтимал тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Фото Chron.com сайтынан алынды.

NASA миссия аясында жиналған деректер негізінде Марсты зерттеу үшін өз дайындығын бастайды.