Астанада «AMANAT» партиясы депутаттарының алғаш рет республикалық форумы өтті.
Жастар оқу бітірген соң ауылға барайын десе, жұмыс жоқ – депутат Шағангүл Жанаева
1,827
оқылды

«AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева ауылдағы жұмыссыздық, маман тапшылығы мәселесін көтерді. 

«Жасыратыны жоқ, қазір ауылда мамандар жетіспейді. Өзім колледжде студент жастармен жұмыс істейтіндіктен, жастардың жағдайын жақсы білемін. Оқу бітірген соң ауылға барайын десе не жұмысы, не үйі, не күйі жоқ. Сондықтан жастар ауылдан қашады. Ауылға жас мамандарды тартуды шұғыл жолға қоюды ұсынамын. Қазірдің өзінде Абай облысы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2 мыңнан астам ауыл жастарына өз ісін бастау үшін шағын несие беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде жас мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 600 адамға несие беру жоспарда бар. Осы мәселелерді жастарға айтқанда, олардың көзінен үлкен қызығушылық пен зор үміт барын байқадым. Жастарға арналған бағдарламаларды жан-жақты түсіндіріп, оларды кәсіпке ынталандыру – біздің ортақ міндетіміз», – деді депутат Шағангүл Жанаева.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев Форумда сөзден іске көшу керек екеніне депутаттардың көзі жетті деген еді.