Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы әлемнің үздік университетінде клиникалық ғылым, технология және медицина курсын оқуға бірегей мүмкіндікке ие болды.
NIS-тен Стэнфорд университетіне бір қадам
1,153
оқылды

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-тің  11-сынып оқушысы Адель Бекмұхаметова Стэнфорд университетінде (АҚШ) медицина саласында тағылымдамадан өтуде.  Айта кету керек, бұл тағылымдама өте таңдамалы және қабылдау пайызы небәрі 8%.

Дарынды оқушы академиялық оқуды қоғамдық қызметпен сәтті үйлестіреді. FLEX бағдарламасының жартылай финалисті, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының БАҚ министрі. XIII Наурыз кездесулерінде  жүлдеге жеткізген медициналық секторды цифрландыруға бағытталған "Helzy" медициналық қосымшасы әлемнің жетекші  университетінің тағылымдамасына өтуінде де зияткердің бағын ашты.   

Айтылған жетістігі үшін  Адельдің кандидатурасын университет мыңдаған үміткерлер арасынан таңдап екі апталық   "Клиникалық ғылымдар және бастапқы хирургия" курсын өтуге  шақырды.

- Алматыдағы Зияткерлік  мектепке химия және биология саласындағы берген үздік білімі үшін алғысым шексіз. Өйткені соның арқасында қосымшаны әзірлеуге және тағылымдамадан өтуіме тиді. Біз қосымшаны қыздар командасы болып жасадық. STEAM жобасы ретінде бірнеше химия, биология, информатика пәндерінің түйіскен жерінде  әзірленеді. Қазір біз GooglePlay-дан мақұлдауын күтудеміз,  сонымен ол    Ios App store-да  пайда болып пайдаланушылар үшін қол жетімді болады.

Адель Stanford University кампусында екінші күн   медицина саласындағы танымал профессорлардың дәрістерін тыңдап, өткен материалды тәжірибемен бекітуде:

- Профессорлар күрделі болып көрінетін ақпаратты жеңіл түрде және қызықты қылып ұсынады, аудиториямен өте тығыз қарым-қатынас жасайды, туындаған кез келген сұраққа жауап беруге дайын екенін байқадым. Ең бастысы, практикалық бөлім нақты пациенттермен өтеді. Өздеріңіз білетіндей, SU-да өзінің клиникалық, диагностикалық орталықтары бар және біз олардың клиенттерімен байланыста бола аламыз. Мен мұнда өз қатарымда жалғыз  қазақстандықпын, көп бөлігі  Америкадан келген студенттер,  біраз құрдастарымен танысып та үлгердім, – деп бөлісті зияткер.