Бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.
Талдықорған қаласының әкімі қызметінен босатылды
2,064
оқылды

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды.

Әсет Масабаев 2022 жылдың 4 наурызында Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейін Алматы қаласындағы Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану және Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болған.