2023 жылдың ақпан айынан Жетісу облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды
1,732
оқылды

Талдықорған қаласының әкімі болып Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы тағайындалды.

Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылысшы инженер, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде істеді.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.