Пермь қаласының кәсіпкері аналардың сүтімен кофе сатады. Айтуынша, бұған сұраныс көп.
Ананың сүтінен кофе дайындайтын кәсіпкер
1,742
оқылды

Әйелдердің сүтінен айындалған бір стақан кофе –  650 рубль (3 600 теңге). Күніне бес литр сүт кетеді екен.

Кофехана иесі әлеуметтік желі арқылы жаңа босанған қала тұрғындарын тауып, сүттерін сатып алады. Бір пакет сүт үшін мың рубль (5 600 теңге) төлейді. Содан кейін сүт қаладағы кофехананың үш нүктесіне таратылады. Айтуынша, әйелдерден ауруханадан алынған анықтама талап етіледі.

“Тоғыз анамен тығыз байланыстамыз. Олар күніне бес литр сүт әкеледі. Кофе салыстырмалы түрде қымбат. Күніне 45-50 стақан кофе дайындаймыз”, – дейді Максим Кобелев.

Ерекше бизнесті қолға алған ер адам жылдың соңына қарай күніне 1 000 стақан кофе сататын деңгейге шығуға үмітті.