Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.
Ұлттық банк төрағасы есеп берді
2,101
оқылды

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық ахуал, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, төлем балансының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор активтері мен алтын валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді және банк болжамына сай қалыптасып отыр. Сонымен қатар Президентке Ашық банкинг тұжырымдамасын қолданысқа енгізу және төлем нарығын реттеу мәселелері жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған міндеттер жүктеді.