Бүгін Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды.
Мәжіліс депутаттары ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасымен кездесті
1,010
оқылды

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысы, Сырдария ауданында болып, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. 

Сапар барысында Айдарлы елді мекенінде егін даласында жұмыс істеп  жатқан ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасы мүшелерімен кездесті. Еңбек бригадасы 2019 жылы 15 жастың бірігуімен республикада алғашқылардың бірі болып құрылған. 

Облыс әкімінің қолдауымен аудандағы жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ауданға қарасты 7 ауылдық округтен (Шіркейлі, Айдарлы, А.Тоқмағанбетов, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Қоғалыкөл а/о) жастар бригадалары қайта құрылды. 

Бүгінде еңбек бригадалары қатарында жұмыссыз, NEET санатындағы, пробация есебінде тұратын 200-ге жуық жастар жұмыс істейді. Ауыл жастарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Мәселен, тегін уақытша жер беріліп, демеушілік есебінен жер жырту, егін алқабын қоршау және жанар-жағармай отынымен толыққанды қамтамасыз етілген. Ауданның еңбекқор жастары бүгінде 35 гектар картоп дақылын және 25 гектар жерге бақша дақылдарын егіп отыр. 

Жиында жастар бригадаларының мүшелері депутаттарға өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қойды.  

Өз кезегінде  депутаттар жастарға «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобалары аясында ауыл жастарына бос жатқан жерлерді тиімді игеру тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетілу керектігін атап өтті.