Кездесу барысында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарды алға тартып, нақты жауап алды.
Мәжіліс депутаттары Қарағанды облысында маңызды нысандарды аралады
942
оқылды

Мәжіліс депутаттары Бауыржан Смағұлов пен Арман Қалықов Балқаш қаласына барып, «Қазамыс Энерджи» ЖШС барды. Онда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын талқылады.

Еңбек ұжымымен кездесуде Арман Қалықов жабдықты жаңарту мәселесін көтерді. 

– Өздеріңіз білетіндей, қыста болған төтенше жағдай Екібастұзда жылу желілерінің, оның ішінде жылу электр орталықтарының жабдықтары тозғанын көрсетті. Бүгінде еліміздің барлық Жылу электр орталықтарының ескірген жабдықтарын жаңарту қажет.  Меншік иелері үшін бұл бағыттағы жұмысты жандандыруы маңызды, – деді депутат.

Одан әрі депутаттар Балқаш мыс балқыту зауытының тыныс-тіршілігімен, қаланы абаттандыру барысымен танысып, азаматтардың өтініші бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.