Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,79 теңге.
Қазақстан қор биржасында доллар арзандады
1,292
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағасы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар – 443,84 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңгеден болса, сатып алу – 448 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,95-5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр, ал Астанада көрші ел валютасы 4,90-5,08 теңге аралығында сатылымда.