Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды.
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды
1,322
оқылды

"2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жариялады", - деп хабарлады Астана қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-мәдениет министрі, Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты ұсталғанын растаған болатын.

Кешенді жасырын шаралар нәтижесінде, сотталған бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлының әйелінен пара алуға әрекеттенгені әшкереленді. Адвокат алаяқтық және ақша беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды.