Сарыағашта 16 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін тізгіндеп, жол ережесін бұзған.
Сарыағашта жол ережесін бұзған жасөспірім сотталады
6,607
оқылды

Сол үшін де жасөспірім бірнеше бап бойынша жауапқа тартылады. Ал көлікті балаға бергені үшін ата-ана да жауап беретін болды.

Түркістан облысының полицейлері Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі тәулігіне бірнеше рет заңбұзушылық жасағанын тіркеді. Полицейлер бұл уақытта көлікті кәмелетке толмаған баланың басқарғанын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды КТК.

Әкесінің көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірімнің көлікті басқаруға рұқсат беретін құжаттары жоқ. Бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткен. Жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналы бойынша немесе жол диспетчерінің тыйым салатын қимылы бойынша көлікті басқару) және 612-бабы бойынша (Көлік құралын құжатсыз және басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы) екі бап бойынша хаттамалар толтырылды.


Баланың әкесі де жауапқа тартылады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығын көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға немесе көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға беру) айып тағылып отыр.

Бұған дейін Өскеменде полиция қызметкерлері әкесінің көлігін ұрлап, қала көшелерін аралап жүрген баланы ұстаған еді.

фото:zakon.kz