Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суға батып кетті.
Павлодар облысында екі бала суға кетті
760
оқылды

Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен.

– Жақын жерде ата-анасы мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен балалардың денесі табылып, судан шығарылды, – деді департамент өкілдері.

Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы туралы еске салады.