Биыл балуан Ғалымжан Қырықбай Қазақстан барысы атанды.
Қазақстан барысына пәтер сыйлады
3,412
оқылды

Жамбыл облысының әкімі балуан Ғалымжан Қырықбайға пәтер сыйлады. Бұл туралы Aikyn.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Таразда Астана күніне орай ашық аспан астында «Еңселі Елордам» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты іс-шарада Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов көпшілікті елорданың 5 жылдығымен құттықтады.

Нұржан Нұржігітов жуырда «Қазақстан барысы» турнирінде жеңімпаз атанып, жерлестерінің мерейін асырған Ғалымжан Қырықбайдың жетістігін айрықша атап өтті.

 

41 балуанның ішінен үздік шығып, еліміздің бас балуаны атанған спортшыға Тараз қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Ал оның жаттықтырушысы Бахтияр Ақбергеновке 2 миллион теңгенің сертификатын берді.

Бұған дейін Астанада өткен «Қазақстан барысы» туралы жазған болатынбыз.