Қазір ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындықты жүргізіп жатыр.
MAЭК-та энергоблок қайтадан істен шықты
1,518
оқылды
7 шілде күні 17.31-де ЖЭС-та қазандыққа келіп тұрған токтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың (жүктеме 133 МВт) жұмысы тоқтатылды.

4 шілдеде сағат 21:50-де № 1 энергоблогы салқындағаннан кейін жөндеу басталды. Жөндеу тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. 6 шілдеде "МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де энергоблок жұмысқа қосылды.

"Жөндеу сапалы жасалғанымен 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-те №1 энергоблокта тағы да мәжбүрлі тоқтау болды. Қазір ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындықты жүргізіп жатыр. Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтауда, сонымен қатар елді мекендерді сумен жабдықтауда шектеулер жоқ. Жөндеу жұмыстарын 9 шілде күні  сағат 24.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім берілді", – делінген "МАЭК" ЖШС баспасөз қызметі хабарламасында.