Жарнама «жарқырап» тұр
Жарнама «жарқырап» тұр
23,145
оқылды
Жақында ғана талай адамды сан соқтырған «Гарант 24» Ломбарды басшыларына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Бірақ Қарағанды қаласында әлі күнге дейін осы ұйым туралы жар салған жарнама ілініп тұр. Қарағанды қаласына қонаққа келген Жанболат деген жігіт бұл жарнаманы суретке түсіріп алған. «Мен Қарағандыға басқа қаладан қонаққа келгенмін. Осында жүргенде атышулы ломбардтың жарнамасын көріп жағамды ұстадым. Бұл не масқара? Баяғыда алып тастау керек еді ғой. Бұл жергілікті әкімдіктің құзырында емес пе? Әлде оларға бәрібір ме?» деп қынжылысын білдірген екен сурет қожайыны. Ал Қарағанды қаласы әкімі­нің баспасөз қызметі «бұл тұғыр­дың иелеріне жарнамалық тақ­таны алып тастауды тапсыр­ған­быз» дейді. Арнайы жарнама ілетін тұ­ғыр­дың иесі «Медиа Высот Монтаж» ЖШС болса, «біз бұл жарнаманы келісімшарт негі­зінде бір айсыз алып тастай алмаймыз, яғни Нау­рыз айының 3-і күні уақыты келе­ді, сонда ғана аламыз» деп отыр. Жергілікті Полиция департа­ментіндегілер «Гарант 24» ұйы­мының аймақтық бастықтары­ның үстінен қылмыстық іс қоз­ғалды. Жарнама жариялаған барлық агенттікке алып тастау туралы хат жолдадық» дейді. Айта кету керек, елімізде үш бірдей қаржы пирамидасына тұрғындар бес миллиардтан астам ақша салған. Бұл шығын алда әлі де өсуі мүмкін. Өйткені тәртіп сақшыларына арызданбаған салымшылар жетіп артылады. Ал тексеруге кіріскен тәртіп сақшы­лары жұрттың үш бірдей күмәнді қаржы мекемесімен 50 мыңға жуық келісімшарт жасасқанын айтады. Қазір «Гарант 24 Лом­бард», «Выгодный займ» және «Estate ломбард» компаниялары жұмыс істемейді. Бұл пирами­да­ларды ұйымдастырған қожайын­дары шетелге қашып кеткен. Ішкі істер министрлігі қазір тоғыз адамға халықаралық іздеу жа­рия­лады. Ал аймақтағы филиал­дар­дың 13 директоры тергеліп жатыр.   Әділ БЕК