Қазақстанда табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің үлесі басым.
Қазақстандықтар тапқан табысын көбінесе қайда жұмсайды?
4,645
оқылды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, азық-түлікке көп қаржы жұмсайды. Биыл үш айда бір отбасы орта есеппен 885 мың теңгеге жуық қаржыны қажетіне жаратса, оның тең жартысын азық-түлікке жұмсаған. 

Бір тоқсанда әр отбасы шамамен банк алдындағы 52 мың теңгедей қарызын өтеген. 

24.kz-тің дерегінше, Ұлытау облысының тұрғындарының банк алдындағы берешегі өте көп. Мұндағы тұрғындар орта есеппен үш айда 200 мыңнан астам теңгесін банкке қайтарады. 

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда мен Астана тұрғындары да 83 мыңнан 107 мың теңгеге дейінгі қаржысын несие төлеуге жұмсайды. 

Несиесі ең аз аймақтардың тізімінде Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Алматы мен Шымкент бар.

Фото: sputnik.kz