ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова әйелдер көшбасшылығы жайында ойымен бөлісіп, елімізге көшбасшы әйелдер неге керек екенін, сондай-ақ Tomiris жобасы туралы айтты.
Көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris жобасының бірегейлігі – оның заманауи қабілет мен дағдыны қалыптастыруға ғана емес, әйелдердің қоғамның кез келген саласына белсенді араласуына жағдай жасауға бағытталуында.
Tomiris оқу бағдарламасы қатысушыларға әйелдің қоғамдағы және саясаттағы мүмкіндіктеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris жобасының екінші легіне іріктеу басталды және ол 15 шілде күнгі Астана уақытымен сағат 18.30-ға дейін жалғасады.