Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристі іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
«Құтқару-іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі жасап отыр. Жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдан тұрады. Бұл қар аралас жауын-шашынмен қабаттасып, құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатуда», – делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.
Бұған дейін 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлап кеткені жайлы жазған болатынбыз.