ҰҚК жедел қызметкерлері Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰҚК қауіпті қылмыстық топты ұстады
11,855
оқылды

ҰҚК-ның мәліметінше, арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5  мүшесі ұсталды. Олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы «шолақ» мылтық және синтетикалық есірткі тәркіленді.

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында  сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.