Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл өзінің Facebook парақшасында жазды.
Балалар омбудсмені боксшы Б.Шүменовтің әрекетіне қатысты пікір білдірді
5,233
оқылды

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменов әрекетіне қатысты Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін айтты.

«Ішкі істер министрлігіне қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттігі туралы жүгіндім. Балаға қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрларда анық көрінеді», - деп жазды ол  Facebook парақшасында.

Сонымен қатар Динара Зәкиева өз лауазымы аясында ұлттық заңнамаға бала қауіпсіздігімен байланысты өзгертулер енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Бұл жағдайда тұлғаны Қылмыстық кодекстің 115-бабы («Қорқыту») бойынша да жауапқа тарту қажет деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу әрекетіне жауапкершілік көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгіземін. Жалпы, біз, ересектер, кез келген жағдайда балалар туралы ойлауымыз керек», - деп жазды Динара Зәкиева.