Алматы қаласының әкім Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде көше жөндеу жұмыстары үшін қала басшылығы атынан халықтан кешірім сұрады.
Алматы қаласында 6 маусымнан бастап әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзеніндегі көпірді кеңейту жұмыстары басталды. Әкімнің айтуынша, ол 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
«Бостандық ауданының жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 23 көшеге, оның ішінде ұзындығы 27,5 шақырым 2 магистральды көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген. Биыл маусым айынан бастап 2 магистральды көшеге - әл-Фараби және Абай даңғылдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Бұған дейін жөндеу жұмыстары әл-Фараби даңғылында 2010 жылы, Абай даңғылында 2012 жылы жүргізілген», – деді қала әкімі.
Сондай-ақ маусым айынан бастап аудандағы 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды: Вахтангов көшесі Жандосов көшесінен Лебедев көшесіне дейін және Тұрғыт Өзал көшесі Қ.Сәтбаев көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейін. Қалған 18 көшеде жұмыс 15 шілдеден басталады. Барлық жұмыс қазан айына дейін аяқталады.