Барлық ақылы жолдар бойынша айлық және 1 жылға арналған абонемент сатылады.
Елімізде ақылы жолдардың бағасы қымбаттауы мүмкін
638
оқылды

Қазақстанда 11 ақылы жолдың құны 20%-ға қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында көрсетілген.

Көпшілік талқыға шығарылған құжатта жазылғандай, енді төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүретін көліктер мына мөлшерде ақы төлейді:

Астана - Щучье тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0696 АЕК (240 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін (1 200 - 6 240 теңге аралығында).

Астана - Теміртау тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0696 АЕК (240 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін (840 - 4 020 теңге аралығында).

Алматы - Қорғас тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,1043 АЕК (360 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін (1 800 - 8 820 теңге аралығында).

Алматы – Қонаев тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0348 АЕК (120 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін (240 - 1 200 теңге аралығында).

Тараз – Қайнар тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0835 АЕК (288 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін (1 415 - 7 128 теңге аралығында).

Шымкент – Қызылорда тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,153 АЕК (527 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін (2 627 - 13 260 теңге аралығында).

Щучье - Көкшетау тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0209 АЕК (72 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін (360 - 1 800 теңге аралығында).

Астана – Павлодар тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,1322 АЕК (456 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін (2 232 - 11 208 теңге аралығында)

Шымкент – Тараз тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0313 АЕК (108 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін (516 - 2 628 теңге аралығында).

Қонаев-Талдықорған тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0661 АЕК (228 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін (1 128 - 5 592 теңге аралығында).

Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейінгі тасжол:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0313 АЕК (108 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін (504 – 2 520 теңге аралығында).

Құжатта жазылғандай, барлық ақылы жолдар бойынша айлық және 1 жылға арналған абонемент сатылады.

Мәселен, Алматы - Қонаев тасжолымен жүру үшін жеңіл көліктерге жылдық абонемент - 1 АЕК (3 450 теңге), орын санына байланысты автобустар үшін – 20-дан 60 АЕК-ке дейін (69 000 - 207 000 теңге аралығында).

Ал жүк көліктері үшін 1 жылға арналған абонемент салмағына байланысты 80 мен 100 АЕК (276 000 – 345 000 теңге аралығында) көлемінде болмақ.

Жоба 26 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.