Оны оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар судан алып шықты
Ақмолада баланы құтқармақ болған ер адамның өзі суға батып кетті
1,867
оқылды
Баланы құтқармақшы болған 1958 жылғы ер адам Щучье қаласының маңындағы көлге батып кетті.

Ер адам баланы құтқарғанымен, өзі судан шыға алмай қалған. Оны оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар судан алып шықты.

"Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке массаж жасады. Өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады"– деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ақмола облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Бұған дейін Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі өңірдің су айдындарында 2023 жылғы шомылу маусымында 8 адам, оның ішінде 3 бала суға батқанын мәлімдеген болатын.