Шымкент мұнай өңдеу зауытының вице-президенті қайтыс болды.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының 35 жастағы вице-президенті қайтыс болды
1,522
оқылды

Вице-президент Данияр Макишев 35 жасында өмірден өтті. 

Бұл туралы Aikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, Макишев жүрек ұстамасынан көз жұмған.

«6 жыл бұрын (2017 жылдың шілдесінде) осы қызметті атқарған Аслан Мыңбаев та (Сауат Мыңбаевтың туған інісі ред.) жүрек ұстамасынан қайтыс болған», – дейді сарапшы Нұрлан Жұмағұлов.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС даму және коммерция жөніндегі вице-президент Данияр Макишев қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Бұған дейін Мұнай-газ саласындағы маңызды объектілерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі туралы жазған болатынбыз.