Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес, Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында туған. 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып бастады. 1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды.
2008-2012 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары – Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
2012-2014 жылдары – Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2014-2016 жылдары – Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2016-2019 жылдары – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдан Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылғы 10 қазанда Үкімет қаулысымен Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалған.