11 шілде күні Астананың даму мәселелеріне арналған жиналыста, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қала үкіметі мемлекет пен азаматтардың мүдделерін басты орынға қою тиіс» деген болатын. Осы ретте «Жаңа адамдар» Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың қала мәселелеріне немқұрайлы қарайтынын айтты.
Бір ай бұрын, «Жаңа адамдар» Астана қаласының тұрғындарымен бірігіп, қаладағы 100 негізгі мәселені анықтады. Әр пункттің астында фотосуреттер болған. Осы мәселелерді түзету үшін тізім әкімшілікке тапсырылды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек аудандық әкімдерге «Жаңа адамдардың» «Қала» азаматтық науқанын жүзеге асуына барынша қолдау көрсетуге бұйрық берген. Содан кейін, әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов біз жариялаған инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуіне қосымша бюджет бөлуге уәде берді.
Аудан әкімдері, өз кезегінде, қаланы көріктендіру жұмыстары бойынша жастар қозғалысына әр апта сайын есеп беруге уәде берген.
«Жаңа адамдар» әкімдерден мәселелерді шешу қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы ақпарат алуға тырысты. «Қала» азаматтық науқанының көшбасшысы Арлен Танатұлы Байқоңыр ауданының әкімшілігінің жиналысына шақырылды. Ал 12 шілде күні әкім жиналыс барысында «Жаңа адамдарды» басқа мәселелерге назар аудартуға тырысып, сосын мүлдем жиналыстан қуып шықты.
«Мұндай әкімнің қарапайым азаматтармен қалай сөйлесіп жүргенін елестету тіптен қиын. Жаңа Қазақстанды құру үшін, атқамінерлер халықты тыңдап үйренуі керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің осындай қылықтарының екі себебін атаған болатын: аса төмен деңгейдегі құзыреттілік және жауапты басқарушылардың пайдакүнемдік ниеті. Ерлан Жаулыбаев мырза, сізден өз лауазымға қаншалықты лайық екеніңізді қайтадан қарастыруыңызды сұраймын», – деді «Жаңа адамдар» өкілі Арлен Танатұлы.