Облыстық ауруханаға түскен үш адамның жағдайы анықталып жатыр.
БҚО-да жол апаты болып, 10 адам зардап шекті
1,709
оқылды

Оралда көлік апатынан 10 адам зардап шегіп, 16 жасар қыз жансақтау бөліміне түсті.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 шілде күні Зачаган кентінде Саратов тасжолы мен Е.Брусиловский көшесінің қиылысында болды.

«Шамамен сағат 17:15-те 1991 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен келе жатып, жол қозғалысы ережесін сақтамаған. Содан 1989 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Лада Ларгус» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі және 1989, 1993 жылғы жолаушылары облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған қоса осы автокөлікте отырған 2010, 2011, 2013, 2015, 2017, 2020 және 2021 жылғы балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сол күні сағат 17:45-те жедел жәрдем бригадасымен жеті бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Науқастарды дәрігерлер қарап, рентгенография, зертханалық зерттеулер және бүкіл қажетті тексеру жүргізді. 2017 жылғы қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қалғандарына қажетті көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді.