Иван Иванов ядро итеруден үздік үштікке ілікті.
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында жүлдегер атанды
1,201
оқылды

Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Иван Иванов ядро итеруден үздік үштікке ілікті.

Бұл сында үндістандық Сингх Тур Тажиндерпал ядросын 20.23 метрге итеріп, чемпион атанса, ирандық Сабери Мехди (19.98) күміс жүлдеге қол созды.

Иванов 19.87 метр нәтижемен қола медальді жеңіп алды.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.

Бұған дейін Шедрак Коеч Кимутай 10 мың метрге жүгіруден мәре сызығын екінші болып қиды.

Ал биіктікке секіруден Кристина Овчинникова бірінші, Елизавета Матвеева екінші орынға көтерілді.