Алматы мен Шымкенттің із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғындары өлі табылды. Өлімнің мән-жайы анықталмаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы мен Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғындардың мәйіті табылды
930
оқылды

Алматыда 27 маусымда 2007 жылы туған Ешмұхамбет Нұралы Жайықұлы жоғалып кетті. Ол сағат 22.00 шамасында Алатау ауданы, Ұлжан-1 ықшамауданы, Сарыбастау көшесі, 36 мекенжайы бойынша үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.

14 шілдеде жоғалған ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Алтынбаев Фархат Қадырбайұлы, 1991 жылы туған, 2022 жылғы 27 сәуірде жоғалып кеткен. Сағат 6:30 шамасында Игілік шағынауданы, Іркөл көшесі мекенжайындағы үйден шығып кеткен. Ер адам белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен. Хабар-ошарсыз кеткен бірінші топтағы мүгедектің бағдары бұзылғаны нақтыланды.