Әлеуметтік желіде қанаты бар мысықтың видеосы таралып, Қазнет қолданушылары арасында пікірталас тудырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Aqparat.kz Instagram парақшасында қанаты бар мысықтың видеосы жарияланды.
Ақырзаман белгісі: Желіде қанаты бар мысықтың видеосы қызу талқыға түсті
1,309
оқылды

Видеода мұндай жағдай бұрын-соңды болмағаны туралы айтылған. Кей желі қолданушылары бұны ақырзаманның белгісі деп бағаласа, тағы бірі ақпараттың шынайылығына күмән келтіріп, мысыққа адамдар қанатты желіммен не жіппен жалғап қойған деген болжам жасады. «Арқасынан жібі көрініп қалды ғой», «Алла тағаланың құдыреті шексіз», «Ақыр заман жақындағанда итке, жыланға қанат бітеді дегенді естуім бар. Соның бір белгісі шығар», «Мысықтың өзі бірінші рет көріп тұрған шығар», «Жарғанат бар, енді ұшатын мысық та болуы керек қой» деп жазған пікір білдірушілер. Алайда кей желі қолданушылары мұндай мысықтар табиғатта кездесуі мүмкін дейді. «Ешқандай жіп жоқ, ондай мысықтар бар негізі», «Мысықтарда мұндай мутация болады. Артық терісі осындай болады кейбірінде» дейді желі қолданушылары.

Әзірге бұл мысықтың видеосы қайда және қашан түсірілгені туралы ақпарат жоқ. 

Бүгінде мысықтардың қанаты болуына қатысты үш болжам бар, – деп жазылған Дзен тұғырнамасындағы «Котик-Бегемотик» парақшасында. 

Біріншісі, бұл қанат емес, қанатқа ұқсас жүн деген болжам. Мұндай ерекшелік, ең алдымен, жүні ұзын мысықтарда ғана кездеседі деген тұжырым жасалған. Алайда жүні қысқа мысықтарда да қанаттың болуы бұл болжамды жоққа шығарып отыр.

Екінші нұсқа – қанат генетикалық мутацияның немесе аурудың, мысалы, тері астениясының нәтижесі болуы мүмкін деген тұжырым. Бұл тұжырымға сенсек, мысықта тері қатпарлары қанат тәрізді жиырылып қалады. Бірақ бұл тұжырымның да нақты дәлелі жоқ.

Үшінші нұсқаға сәйкес, қанат кез келген генетикалық мутация салдарынан мысықтарда пайда болатын қосалқы мүше болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда қанатты мысықтар туралы 140-қа жуық дерек тіркелген, олардың 30-ы ресми түрде расталған. Қанатты мысықты алғаш рет 1842 жылы Генри Дэвид Торо есімді азамат кездестірген. Ол фермадағы «періште мысық» туралы жазған. 

Қанатты мысық Ресейде де тіркелген. Алайда 2004 жылы оны белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Ал 2007 және 2009 жылдары қанатты мысықтар Қытайда байқалды, онда бұл патологияны нашар экологиямен байланыстырған болатын.