Бүгін Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті.
Жамбылдағы апат: жолаушылар пойызы жолға шықты
2,003
оқылды

«Қазақстан темір жолы» апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

17 шілде түнгі сағат  01.05 кезінде Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Апат жолаушылар пойызының жүру кестесіне кері әсер етті.

Барлық пойыздар ауызсумен қамтамасыз етілген. Вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр.

Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары рельстен шығып кеткеннен кейін тоқтаған пойыздар қозғалысы реттелді. 

Компания жолаушылардан кешірім сұрады.