Бұл туралы ҚР Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан мен Бавария ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
846
оқылды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Баварияның Экономика, жерді дамыту және энергетика министрлігінің статс-хатшысы Роланд Вайгерттің кездесуі барысында Қазақстан мен Бавария (Германия Федеративтік Республикасы) ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында қазақ-неміс сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын тереңдету, «жасыл экономиканы» дамыту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Бавария Үкіметінің өкілдерін қарсы алған Роман Скляр Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика саласы және т.б. сияқты басым бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Бавария делегациясының басшысы Роланд Вайгерт екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады. Ол Неміс компанияларымен жұмыс жөніндегі арнайы жұмыс тобының тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар делегация өкілдері неміс бизнесінің кен орындарын игеруге қатысуына, экономиканың энергетикалық және көлік салаларында ынтымақтастықта болуына қызығушылық танытты.

Соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті, оның барысында қатысушылар практикалық мәселелерді іске асыру барысын талқылады.