Учаскелік инспекторлар әр жиында тұрғындарға желілік алаяқтық қаупі туралы ескертеді
СҚО-да телефон алаяқтарының сөзіне сенген тұрғын 16 млн теңгесінен айырылды
1,042
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтықтың ең көп таралған түрі – «банктен қоңырау шалу». Интернетте тіркелген 342 алаяқтықтың 109-ы осы схема бойынша жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттарына біреулер шабуыл жасап жатқанын айтады. Сонымен қатар алаяқтықтан қорғану үшін үлкен көлемде несие алып, белгілі бір «қауіпсіз шотқа» ақша аудару қажет екенін жеткізеді. Осылайша, олар банктік шоттан ақшаны заңсыз есептен шығару үшін қажетті құпия мәліметтерді алады.

«Осындай бір жағдайда келтірілген залал 16 миллион теңгеден асты. Халықты алаяқтардан қорғау үшін ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде ақпарат жарияладық. Учаскелік инспекторлар әр жиында тұрғындарға желілік алаяқтық қаупі туралы ескертеді», - деді Криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а. Мадияр Харипов.