Бұл ретте биыл №9 жаңа қалалық бағыт ашылса, кейін №97 және №89 екі жаңа бағыт ашылады деп жоспарланып отыр.
Алматыда қала маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар іске қосылады
4,363
оқылды

 Алматы қаласының әкімдігі 2023 жылы қала маңындағы 10 жаңа бағытты іске қосуды жоспарлап отыр.

 

Әкімдіктің дерегінше, олар Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарындағы қаладан 50 шақырым радиуста орналасқан бірқатар елді мекендерді қамтиды.

Маршруттар Жетісу базары – Дәулет ауылы, Алматы-1 вокзалы – Туғанбай ауылы, Нұра, Алматы-2 вокзалы – Тұздыбастау ауылындағы «Сұлтан» кешені, «Райымбек батыр» метро стансасы – «Райымбек батыр» стансасы бағыттары бойынша жүреді. Еламан ауылы, «Саяхат» автовокзалы – Қарой ауылы, «Сәлем» Солтүстік айналма базары – Исаево ауылы, «Адем» сауда үйі – Батыр ауылы. Сонымен қатар Төле би – Ясауи көшелерінің қиылысындағы бұрылыс алаңынан Қарғалы, Шамалған және Мыңбаев елді мекендері бағытында бірнеше бағыт ұйымдастырылады.

Бұл ретте биыл №9 жаңа қалалық бағыт ашылса, кейін №97 және №89 екі жаңа бағыт ашылады деп жоспарланып отыр. Жаңа бағыттар әлеуметтік маңызы бар коммуникациялар санатына жатқызылып, тұрғындар үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидияланады.

«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалар" бағдарламасына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін Алматы қаласы әкімдігі қала маңындағы 30 жаңа бағытты ұйымдастыруды жоспарлап отыр»,  – деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.