Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болды.
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады
1,828
оқылды

Жоғалып кеткен қыздың мәйіті көрші үйдің шатырынан табылды. Осы оқиғадан кейін күдіктіге қатысты тергеу басталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жоғарғы сот тарапынан биыл мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды», – деп Жоғарғы сот ресми мәлімет таратты.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Түркістан облысындағы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Фото: almaty.tv