Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады
Lexus көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісін автобус басып кетті
937
оқылды

Алматы облысында Lexus көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде 17 маусымда Алматы облысындағы Гүлдала ауылы маңында Lexus көлігі мен мотоцикл және автобус жол апаты оқиғасына ұшырағаны түсірілген видео пайда болды. Кадрларда көліктердің арасынан өтіп бара жатқан мотоциклші Lexus жүргізушісімен соқтығысып, жолға құлағанын байқауға болады. Олардың соңынан келе жатқан автобус құлаған адамды айналып өтпек болады, бірақ мотоцикл жүргізушісін автобус басып кетеді.

Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Осы жазба бойынша, көлік жүргізушісінің жүрген жерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Оның қорытындысы бойынша құқықбұзушы қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады. Басқа да мәлімет кейінірек айтылады", - деді полиция қызметкері.