Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды polisia.kz.
Түркістан облысында көлігіне қызыл-көк түсті жарық сигналдарын ілген жүргізуші жазаланды
3,186
оқылды

Telegram парақшалардың бірінде жарияланған бейнежазбада Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген адам анықталды.

Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тасжолында болғаны анықталды. Көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны.

Ер адамға ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.