Қырғызстанда белгісіз біреулер Ыстықкөл жағажайынан жасөспірімді ұрлап, ол үшін ата-анасынан 300 мың доллар төлеуді талап еткен. Бұл туралы bishkek24.kg хабарлады.
Ыстықкөлде бала ұрлап, ата-анасынан 300 мың доллар талап еткен
1,021
оқылды

12 жасар баланың ұрланғаны туралы арыз 20 шілдеде Шу облысының тумасынан келіп түскен. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның жағажайда сағат 8:30 шамасында болғанын мәлімдеді.

Факті аудандық милиция ақпаратын есепке алу журналында тіркелді және жедел-іздестіру іс-шаралары бірден басталды. Сағат 21:00 шамасында бала Шу облысының аумағынан табылды. Содан кейін ол анасына табысталды, – деп хабарлады полиция.