Кеше сағат 21:57-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында орналасқан жатақханадан шыққан өртті сөндіруге барды.
Өрт сөндірушілер 2-қабаттағы 20 шаршы метр бөлме өртенгенін анықтады.
Құтқарушылар қою түтін арасында жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер 2 адамды аман-есен құтқарды. Жатақханадан 60 тұрғынды эвакуациялады.
Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.
Өртті 22:28-де оқшаулап, 22:48-де сөндірді.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.